АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертегілер елінде

07.12.2017

Көкшетау қаласы 

№13 «ЭКОС» экологиялық гимназия мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет апталығында

өткізілген

«Ертегілер

елінде» іс шара

«Мақта қыз бен мысық», «Шалқан» ертегілерін сахналау.

                                                                       Сахналағандар:3 сынып оқушылары

                                                                  Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері

                                                                                    

                         Ибраева Г.Е.

                                   Нурмаканова А.У.

                                

2017 жыл

«Ертегілер

елінде» «Мақта қыз бен мысық»,«Шалқан» ертегілерін сахналау.

Ұйымдастыру кезеңі:

— Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!

— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда

қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап

амандасып алайық.

 

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

– Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға

дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)

– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?

— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

— Ертегілер елінде кімдер тұрады?

—Ендеше ертегімізді бастайық.

Сахнада көрініс: бірінші ертегі «Мақта қыз бен мысық».

 жүргізуші: Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп,

бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.

Қыз: Келмесең келме! — деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп

болған соң мысық келіп:

Мысық: Неге шақырдың? — деп сұрайды.

Мақта қыз

айтпайды. Сонан соң мысық:         

Ендеше

қатығыңды төгем! — дейді.

Мақта қыз:— Мен

құйрығыңды кесіп аламын! — дейді.

Мысық

қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық:— құйрығымды

берші! — дейді.

Мақта қыз:— Менің

қатығымды төле! —дейді.

Мысық

сиырға барады.— Сиыр, маған қатық берші! — дейді.

Сиыр:— Менің

қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! — дейді.

Мысық

ағашқа барып:— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! — дейді.

Ағаш:— Мен

шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, — дейді.

Мысық

суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

— Қыздар,

қыздар, маған су беріңіздерші! — дейді.

Қыздар оған:— Бізге

сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.

Мысық

дүкенге барады.— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! — дейді.

Дүкенші:— Маған

жұмыртқа бер! — дейді.

Мысық

тауыққа барады.— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! — дейді.

Тауық:— Бізге дән

әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, — дейді.

 

 

 

Мысық: «Енді

не қыламын?» — деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды

көреді. Мысық тышқанды бас салады.— Жаныңның барында айт! Үйіңде

не бар? — дейді.

Тышқан

қорыққанынан:— Үйімде

бір табақ тары бар, — дейді.

Мысық:— Маған бір

уыс тары бер, — дейді.

Тышқан

үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді,

тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз

береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып

ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық

береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

жүргізуші: Сахнада көрініс: екінші ертегі «Шалқан».

жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде.

Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында

шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып

өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.

Ата:Ой, бәрекелді,

менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.

жүргізуші: Осылай

ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады,

шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай,

шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.

Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті,

Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!

Кемпір: Ой,

шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!

жүргізуші: Осылайша

атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта

алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым,

қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: Жарайды

апа сізге көмектесемін.

жүргізуші: Сонымен

қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді.

Сонымен қыз көмекке итін шақырады.

Қыз: Итім,

итім көмекке келші.

Ит: Аф-аф-аф

көмектес десеңдер көмектесемін

жүргізуші: Ит

қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары

тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді

ит көмекке мысықты шақырады.

Ит: Мысық,

мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: Мяу-мяу,

көмектесіп жіберейін.

жүргізуші: Мысық

иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал

шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.Енді

мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық:Тышқан, тышқан,

маған көмектесіп жіберші.

Тышқан:Әрине көмектесіп

жіберемін.Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Қорытынды:

 

жүргізуші:

— Ертегі

еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?— Ертегі біздің қиялымызға қанат

бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.

Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.

Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып келесіңдер.Ертегілер сенің

қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді.

Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. (Барлық оқушылар ертегілер

ән айтады)

жүргізуші:

Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. — Жарайсыңдар балалар!

Бүгін бәрің өте әдемі болып, жақсы қатысып отырсыңдар. Сендерге рахмет.

Орнымыздан тұрамыз. Балалар қонақтарға не дейміз.

Балалар: Сау болыңыздар! Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жақсы болсын!

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст