Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады :
-мәлімдеме,
-өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана)
-Бала денсаулығының паспорты 052-2/у нысанды анықтама, Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі , биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортыу» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
❌ Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады:
1️⃣ сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы;
2️⃣ өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмеуі;
3️⃣ көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың анық еместігінің анықталуы;
4️⃣ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.