АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 13 мектеп-гимназиясы" КММ бос және уақытша бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды

"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 13 мектеп-гимназиясы" КММ

бос және уақытша бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды

Мекенжайы:020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ж.Саина көшесі 26А, анықтама телефоны: 77-07-26, 77-04-14 ekos13@mail.ru

 

  • математика мұғалімі (оқыту тілі – орыс тілі) – 2 жүктеме, 32 сағат;
  • тарих мұғалімі (оқыту тілі – қазақ тілі/орыс тілі) – 1 жүктеме, 16 сағат;
  • көркем еңбек мұғалімі ұлдар (оқыту тілі – орыс тілі) – 2 жүктеме, 32 сағат;
  • көркем еңбек мұғалімі қыздар (оқыту тілі – орыс тілі) – 1 жүктеме, 16 сағат;
  • музыка мұғалімі (оқыту тілі – орыс тілі) – 1 жүктеме, 16 сағат;
  • химия және биология мұғалімі (оқыту тілі – қазақ тілі/орыс тілі) – 1 жүктеме, 16 сағат;
  • ағылшын тілі мұғалімі (оқыту тілі – орыс тілі) – 1 жүктеме, 16 сағат (31.08.2026 жылға дейін);

 

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

120 000 теңгеден 164 000 теңгеге дейін

 

Лауазымдық міндеттері:

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер;

Педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;

тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін кеңесші лауазымындағы жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі болса, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

 Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) педагог-модератор:

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға (санатсыз), сондай-ақ:

балалармен жеке және топтық жұмысты өз бетінше ұйымдастыра білу;

2) педагог-сарапшы:

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын меңгеру, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын меңгеру, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларды талдау әдістемелерін меңгеру, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;

3) педагог-зерттеуші:

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгеру;

4) педагог-шебер:

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгеруі тиіс.  

Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.

   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

           Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      

Жаңартылған күні: 23.01.2024 16:12
Құрылған күні: 23.01.2024 16:12

Текст