"Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясы"КММ конкурстық комиссияның отырысының № 24 хаттамасы
Көкшетау қаласы 2023 жылғы 25 қыркүйек
Қатысқандар:
Комиссия төрайымы:Г.Б.Ибраева
Комиссия хатшысы:А.С.Алпысбай
Комиссия мүшелері:
- Г.Т Изтелеуова директордың ОІЖ орынбасары;
- С.Е.Гауэрт директордың ОІЖ орынбасары;
- О.И.Чичкан тарих пәнінің мұғалімі;
- Ш.Е.Жумажанова ағылшын тілі мұғалімі;
Отырыстың күн тәртібі:
Ағылшын тілі мұғалімінің уақытша бос лауазымына (31.08.2024 жылға дейін) орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарастырылуы.
Тындалуы: Конкурстық комиссияның төрайымы Г.Б.Ибраева бос лауазымына орналасуға үміткерлердің тізімімен таныстырды:
- ағылшын тілі мұғалімі:
Бәдел Әлима Кенжебекқызы
Білімі-жоғары, 2020-2022 жылдары Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінде шетел тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқыған. Педагогикалық өтілі жоқ, жас маман, біліктілік санаты - "педагог-тағылымдамашы/педагог ".
Бағалау парағы бойынша – 8 балл.
Шешімі:
- Мектеп директорына ағылшын тілі мұғалімінің уақытша бос лауазымына Бәдел Әлима Кенжебекқызы (31.08.2023 жылға дейін) тағайындау үшін ұсынылсын.