30 желтоқсан күні облыс әкімі Маржыкпаев Ермек Боранбайұлы
№ 13 «ЭКОС» экологиялық мектеп гимназиясының қосымша ғимараттың ашылуына қатысты. Мектеп директоры Ахметжанова Светлана Бекетовна облыс әкімін қарсы алып, жаңа ғимаратпен таныстырды. Қосымша ғимараттың ашылуына бастауыш сынып мұғалімдері мен 3 «Д» сынып оқушысы Петюль Артем да қатыстып, өз үлесін қосты. Ол өзінің экологиялық мектепте оқитының айта отыра, экологиялық бағыттағы жобалармен таныстырды.
Бұл ғимарат 3 қабатты, оқу қабинетері 18 және қазақ тілі мен ағылшын тілі кабинеттері заманауи талаптарды ескере отырып, жеке жоба бойынша жасалған.
Есте қаларлық әрі жарқын ғимаратта техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталған мультимедиялық кабинеттер бар. Сонымен қатар, екінші қабатта дене шынықтыру сабағына арналған спорт зал және ашық ойындар алаңдары қарастырылған. Мектептің өзінде киім ауыстыратын бөлме және спорттық құралдар бөлмесі бар.
Әр оқушы өз білімін жетілдіру үшін, үшінші қабатта бастауыш сынып оқушыларына арналған кітапхана орналастырылған.
3 тоқсаннан бастап, бастауыш сынып оқушылары жаңа ғимаратта оқитын болады.