Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шың жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Ізгі тілекпен: №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп гимназиясының директоры, Ахметжанова Светлана Бекетқызы.