АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде онлайн қабылдау рәсімі

15.12.2020

15 желтоқсан күні Еліміздің салтанатты да мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік  күні аясында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен құрылған, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде онлайн  қабылдау рәсімі өтті.

 Мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне жауап беретін азамат екенін таныту,қоғамдық, көпшілік жұмыстарға тарту арқылы бала ойындағы мүмкіндіктерді ашу ,отанын қорғауға дайындық,саналы білім алуын қалыптастыру,ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш азаматтың тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға,мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары қабылданды. «Жас Қыран» жасөспірімдер ұйымына 3 сыныптардан 5 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» балалар ұйымына 6 сыныптардан қалалық, облыстық, республикалық сайыс, конференция, жарыстарда жүлделі орындарға ие болған 5 оқушы қабылданды. Жиын барысында мектеп директоры Ахметжанова Светлана Бекетқызы оқушыларды, ата-аналарды мерекелерімен  құттықтап,  жылы лебізін білдірді.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған ең үздік оқушыларды шың жүректен құттықтаймыз.Біз оларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілектеспіз.

 

 

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст