Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Кеше 17-ші қараша күні «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 3 – 4 – ші сынып оқушыларымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тақпақшылар әлемі іс – шара өтті. Тақпақшылар әлемі іс – шараны өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, іс - шарамызды аяқтадық.
Іс – шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Ибраева Г.Е. Бораншена Б.К. Иманова Б.Ж.