2016 жылдың 14 – 19 қараша аралығында «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»
тақырыбында қазақ тілі апталығы өтті. Апталық аясында әр түрлі іс – шаралар
өткізілді. Апталықтың салтанатты ашылуы 1-11 сынып оқушыларының
қатысуымен«Тәуелсіздік - ел тілегі» тақырыбында мәжіліс залында өтті. Қабырға
газеттері «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбына шығарылды. Апталық аясында ашық сабақтар,
сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері іс
–тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға қатысып, пікірлерін айтып, ұсыныстарын
білдірді.
«Тәуелсіздік тұғыры берік болсын» тақырыбында
апталықтың жабылуы мектебіміздің мәжіліс залында өтті. Апталықта өткізілген
іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен», «Мақтау қағаздарымен»
марапатталды.