3 маусым, мектебіміздің алаңында жас түлектерге арналған «Біз біргеміз, Түлек - 2020» соңғы қоңырау өткізілді.
Соңғы қоңыраудың алғашқы құттықтау сөзі, мектебіміздің директоры Ахметжанова Светлана Бекетқызына берілді. Мектебіміздің директоры әрбір түлекке жылы лебізін білдіріп, ақ жол тіледі. Және қазіргі мемлекетіміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін айта кетті.
Мектебіміздің мақтаныштары Мамай Никита «Алтын белгі» және Рихтер Екатерина «Үздік аттестат» иегері атанып, бағалы сертификаттармен марапатталды. Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған түлектеріміз, ұстаздарына, ата- аналарына шексіз алғыстарын өлең жырлармен жеткізді.
Мектебім, алтын ұям, асқаралы,
Өзің деп талай жанар жастанады.
Өмірдің сапарына аттанатын
Ұлы жол дәл өзіннен басталады – жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер, соңғы қоңырау үнін естіп, мектеп бітіру сәтін аяқтады.