АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қаланың 200 жылдығына арналған "Көкшетау туралы репортаж" қысқаметражды деректі фильмдер фестивалі.

07.12.2023
2023 жылы 7 желтоқсанда №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясында тарих апталығы аясында
қаланың 200 жылдығына арналған "Көкшетау туралы репортаж" қысқаметражды деректі фильмдер фестивалі өтті.
   Біздің мектепте бұл сияқты фестиваль алғаш рет өтуде. Оған 10-11 сыныптардың шығармашылық ұжымдары қатысты. Авторларға фильм түсіріп қана қоймай:ұзақтығы 7 минут, шығармашылық көзқарас, авторлар тұжырымдамасы бойынша сюжеттік желі және "Көкшетау-200 жыл"тақырыбына сәйкестік сияқты белгілі бір шарттарды ескеру міндеті қойылды. Фильмді көруді бастамас бұрын әр сыныптың шығармашылық тобы 3 минуттық хабарландыру жасады. Көрген әрбір фильм өзінің тарихи мәліметтерімен, фактілерімен, сюжеттік желілерімен ерекше болды. Авторлар фильм түсіру барысында зерттеу жүргізгендерін, ақпарат іздегендерін,қала мұражайларына, көрікті жерлерге, ескерткіштерге, театрларға барып,сценарий жазғандарын баяндады. Ал бұл жұмыстың нәтижесі-шығармашылық топтың жемісі екенін мойындады.
  Залда отырған көрермендер әрбір жұмысты көргеннен кейін, тамсанып қошемет көрсетті.
Ал әділ қазылар алқасы шешім мынандай болды: 3 орынды 10 "А" және 10 "Г" сыныптарының шығармашылық ұжымдары, 2 орынды 11 "А" және 10 "В" сыныптары, 1 орынды 10 "Б" және 11 "В" сыныптары,ал гран-приді 11 " Б " шығармашылық ұжымы жеңіп алды.
Просмотров: 1876


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст