АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріарасындағы «Ақпараттық дайджест»

07.12.2023

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріарасындағы

«Ақпараттық дайджест»

ЕРЕЖЕ

1- ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

  1. Осы Ереже облыстықбілім алушылары мен педагогтері арасында«Ақпараттық дайджест»өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
  2. Ақпараттық дайджест:
    1. Reels (қысқа бейне ролик)«Бұрымды қыз» челенджі – қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету;
    2. «Поэзия әлемі» - 2-4 шумақтан тұратын өлең;
    3. «Бейнероликтер антологиясы» - тәрбиеге байланысты түсірілген қысқа бейне роликтер;
    4. «Жақсының жақсылығын айт» - әркім өз өңірінің, аудан,қала,ауылының жақсылығымен елге танымал адаммен интервью жүргізугебағытталған.
  3. Ақпараттық дайджесттіҚР Оқу-ағарту Министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті (бұдан әрі - Департамент)өткізеді.
  4. Ақпараттық дайджестке білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріқатыса алады.
  5. Мақсаты және міндеттері

Мақсаты:

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ақындарды анықтау, педагогтердің шығармашылығына қолдау көрсету.

Міндеттері:

- «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу;қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету, эстетикалық талғамдарынанықтау;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендіксөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

- жастар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

  1. қатысушылардың міндеттері:
  • Reels-те(қысқа бейне ролик) қыз балаларының бұрымының сұлулығын, оның мәдениеттілігінің белгісін, эстетикалық талғамдарынкөрсету;
  • жас ақындар мен ақын педагогтер Біртұтас тәрбие бағдарламасының ұлттық құндылықтарына негізделген (мысалы,әдептілік, әділеттілік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершіліксөздерін құрайтын) 2-4 шумақтан тұратын өлең құрастыруы тиіс;
  • әркім өз өңірінің, аудан, қала, ауылының жақсылығымен елге танымал адаммен интервью жүргізіп, креативті бейне ролик түсіру;
  • қатысушылар белгіленген уақыттан кешікпей материалды жариялауы тиіс;
  • әдеп нормаларын сақтауы қажет.

2-ТАРАУ. БАЙҚАУДЫӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

2.1. Ақпараттық дайджестке кез-келген педагог және білім алушы сынып жетекшінің жетекшілігімен ерікті түрде, жеке дара қатысады.

2.2.Reels-ті, өлең шумақтарын, бейнероликтерді Facebook, Instagram, Tik-Tok әлеуметтік желілеріне #Біртұтас_тәрбие хэштегінтегтеп, Оқу-ағарту Министрлігін белгілей отырып, оқу жылының соңына дейін жариялап отыруы тиіс. Сонымен қатар, бейнероликтердіYoutube каналына жүктеу, ұсынылады.

 

2.3.Бағалау, жеңімпаздарын анықтау

- бағалау, жеңімпазды анықтау желі пайдаланушылардыңжағымды пікір қалыптастыру арқылы жүргізіледі;

Жұмыстың:

- креативтілігі;

- жаңашылдығы;

- өзектілігі;

- видеороликті түсіру сапасы бағаланады.

2.4. Reelsті қорытындылау және  жеңімпаздарды  марапаттау

Әр тоқсан соңында жұмыстар сараланыпматериалдар жинағына енгізіледі,Департамент дипломымен марапатталады.

Просмотров: 1838


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст