АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дублер күні

06.10.2023

5 қазанда № 13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясында дәстүрлі Өзін-өзі басқару күні - Дублер күні өтті. Дүниежүзілік мұғалімдер күнін мерекелеу аясында 9-11 сынып оқушылары ауысым басталғанға дейін тірі дәліз ұйымдастырып, педагогикалық ұжым үшін мерекелік ахуал қалыптастырды, сондай-ақ өздерін пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі ретінде сынап көрді. Жоспарға сәйкес орта және жоғары буында сабақтар өткізілді. Аталған іс-шара оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді, өзінің зияткерлік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, еңбекті, мұғалім мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Барлық дублерлер өз міндеттеріне адал әрі жауапкершілікпен қарады. Іс-шараның әрбір қатысушысы күннің өткізілуіне риза болды, біреулер жаңа қасиеттерді ашып, қорқыныштан арылып, болашақ мамандығын анықтап, оқу күнін жақсы әрі пайдалы өткізді. Бұл әр оқушы үшін үлкен тәжірибе.

Просмотров: 913


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст