АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

жас жол инспекторларының қозғалысына 50 жыл

13.05.2023

Балалар арасында жол қозғалысы ережелерін белсенді насихаттаудың маңыздылығы жас жол инспекторларының жасақтарын құрудың негізгі себебі болды.
​​1973 жылдың 6 наурызында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ІІМ МАИ бас басқармасының және милиция подполковнигі Лариса Николаевна Овчаренконың бастамасымен ЖҚИ жасақтары құрылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің бастамасымен жас жол инспекторларының қозғалысын жандандыру және Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЖҚИ бірінші слетін өткізу туралы шешім қабылданды.
Биыл жас жол инспекторларының қозғалысына 50 жыл толды.
​ Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттанудың алдын алу мақсатында, сондай – ақ ЖҚИ жасақтарының қызметін жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында, Көкшетау қаласының білім бөлімінің бастамасымен «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы Көкшетау қаласының ПҚҚПБ жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 12 мамыр күні жол қозғалысы инспекторларының 23-ші қалалық слетін өткізді.
Мерейтойлық слетке құрметті қонақтар шақырылды: Көкшетау қаласының жол полициясының ардагерлері отставкадағы полиция подполковнигі- Бекишев Серік Молдашұлы.
Слетке Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының жол қозғалысының 160 жас инспекторлары қатысты.
Слет қорытындысы бойынша: №13 «ЭКОС» мектеп –гимназиясы 3 орын иеленді.

 «Жас реттеуші» байқауында – 8 «А» сынып оқушысы, Шульдайс Рината.
«Жас санитарлар» байқауында- №13 «Экос» мектеп-гимназиясы командасы үздік атанды.
«Жол қозғалысы ережелерінің үздік білгірі» жеке біріншілігінде 8 «А» сынып оқушысы,Сапарова Диляра орынға ие болды.  

ЖҚИ жасақтарын құттықтаймыз!

 

Просмотров: 136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст