АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Инновация-табысқа жету жолы" тақырыбында жаңашыл педагогтердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

25.04.2023
25 сәуірде №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясында   облыстық оқу-әдістемелік кабинет ұйымдастырған "Инновация-табысқа жету жолы" тақырыбында жаңашыл педагогтердің облыстық ғылыми-практикалық   конференциясы өтті. Конференцияның модераторы "Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті"КММ директоры Ләззат Сураганқызы Құрманғалиева. 
Аталған конференцияға қалалық білім бөлімінің басшысы Нугертаева  Айгүл Бексұлтанқызы жетекшілігімен қала мектептері жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Конференцияға қатысушыларды мектеп директоры Самбаева Айшолпан Қыдырбаевна қарсы алды. Конференция басталар алдында "Музыкалық - поэтикалық үзілістер" ,  дефиле, мастер-класс элементтері бар көрме ұйымдастырылды. Облыстық семинар,  төрт тақырыптық секцияға бөлінді.  
Олардың бірін Көкшетау қаласындағы №13 "ЭКОС" МГ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Б. Ибраева басқарды. Аталған секцияның отырысы Көкшетау қаласы педагогтерінің үздік авторлық бағдарламаларына арналды. 
Екінші секция бойынша, модератор Көкшетау қаласы  № 1 МГ бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Д.А. Конкашева, "Озық педагогикалық тәжірибе" тақырыбындағы білім сапасын арттыру мәселелеріне, оқушылардың жеке өсу проблемаларына арналды.
Үшінші секция бойынша, № 13 «ЭКОС» МГ –ны оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Изтелеуова Г.Т., Рахимбекова Ж.У. "Мектептің білім беру мәдениетін дамытуға арналған жобалар "-тақырыбында өткізілді.
Төртінші мекция бойынша, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3  гимназиясының директордың  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Роза Командир , "Үздік педагог "байқауының  жұмыс тәжірибесімен бөлісу " тақырыбында модератор болды. Секциялық жұмыс аяқталғаннан кейін пленарлық отырыс өткізілді, онда конференция қатысушыларына Л.С. Құрманғалиева "инновация – табысқа жету жолы" тақырыбында Көкшетау қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г. М. Әбішева баяндама жасады. Конференция "Ашық" микрофонмен аяқталды. Конференцияның қорытындысы қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылдау болды. Сонымен қатар,конференцияға өз үлесін қосқан үшін, алғыс хат және сертификаттармен марапатталды.
/public/files/2023/4/25/250423_162253_whatsapp-video-2023-04-25-at-141643.mp4
Просмотров: 125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст