АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қара жорға" биі

15.03.2023

15 наурыз күні үзіліс уақытында «Қара жорға» биі биленді.

 Сіз білесіз бе?

"Қара жорға" биі көпшіліктің делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын балалар біле бермейді. Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры береді. «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен. 

Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған.

/public/files/2023/3/15/150323_144942_whatsapp-video-2023-03-15-at-142429.mp4

 

Просмотров: 215


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст