АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бір әннің тарихы» музыкалық-танымдық жобасы

27.11.2022

«Ұлттың қуаты - тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т1) апталығы аясында «Бір әннің тарихы» музыкалық-танымдық  жобасы өткізілді. Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндер санаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген.  Іс-шара барысында 6 «А»  мен 10 «А» сынып оқушылары әлемге әйгілі «Атамекен» әнінің шығу тарихымен таныстырып, сахналық қойылым қойып, тамаша әнді нақышына келтіріп орындап берді. «Бір әннің тарихы» жобасының өскелең ұрпақ үшін берер тағылымы мол екені сөзсіз және де болашақта жалғасын табатынына сенімдіміз. Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Каимова А.Д., Калымжанова С.Т., музыка пәнінің мұғалімі Жәдігерұлы Жасқайрат, мектептің тәрбие жөніндегі фракция жетекшісі Елкелді Аина.

/public/files/2022/11/27/271122_112749_whatsapp-video-2022-11-26-at-124629.mp4

Просмотров: 180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст