АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерлік пен елдіктің жыршысы – Дулат ақын» атты сахналық қойылым

24.11.2022

     Мектебімізде қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында жалынды жыршы, ақиық ақын Дулат Бабатайұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік пен елдіктің жыршысы – Дулат ақын» атты сахналандырылған іс-шара өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, оқушылар ақын  өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп  оқып берді. Дулат пен Абай шығармашылығы үндестігінің көрінісі ретінде 6А сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың «Ақын қонақтар» әңгімесінен сахналық қойылым көрсетті. Жауапты мұғалім Калымжанова С.Т.сахнаны тақырыпқа сай безендіріп, сол кездегі заман көрінісін айқын бейнеледі. Оқушылар ақын бейнелерін шынайы сомдаса, музыка пәнінің мұғалімі Ж.Жәдігерұлы музыка жағынан әрлендіре түсті. Іс-шара мазмұнды әрі мағыналы өтті. Жас ұрпақты тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың берері мол деп ойлаймыз.

      

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст