23.11.2022
2022 жылдың қазан айында №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының
10 «А» сыныбында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Аталған сынып сағатында Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері, 95 жастағы қарт жазушы Бекболат Садуақасұлы Мұсантегімен кездесу өткізді.
Сынып сағаты барысында ҰОС кезінде тылда 14 жасынан еңбек еткен Бекболат ата өзінің басынан кешкен қызықты оқиғаларын оқушыларға әңгімелеп айтып берді. ҰОС аяқталған кезде 17 жаста болған Бекболат ата педучилищеге оқуға түседі. Оны аяқтаған соң, білімін Алматыдағы заң институтында жалғастырған.Прокуратура органының ардагері Бекболат атаның тәлім-тәрбиесі, өмірлік іс-тәжірибесі кім-кімге болса да, үлгі –өнеге боларлық. 10 «А» сынып оқушылары Бекболат атаға қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала отырып, олар атаға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Кездесу соңында Бекболат Садуақасұлы Мұсантегі 2015 жылы жарық көрген өзінің «Ақиқат пен аңыз» және 2017 жылы жарыққа шыққан «Замана жыраулары. Замана бұлбұлы» кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.