23.11.2022
22 қараша күні "Bolashaq saraiy"-нда Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Балалық шақты бірге қорғайық" диалог алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аудару болып табылады.
Кездесуді ұйымдастырушылар Ақмола облысының білім басқармасы және "Ақмола дарыны"шығармашыл дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы. Диалог алаңының модераторы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова болды.
Диалог алаңы офлайн / онлайн форматта өткізіліп, 7 аудан, Қосшы қаласы және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған мектептің 50 өзіндік басқару көшбасшылары ZOOM арқылы қосылды.
Диалог алаңына Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Әсем Асаинова өз сөзінде балалық шақты қолдау шаралары және балалардың құқықтарын қорғау тәсілдері туралы айтып берді.
Диалог алаңына біздің мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Станислав Галанцев қатысып, сөз сөйледі.
Станислав экологиялық бағыттағы жобасын ұсынды.