АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

17.11.2022
2022 жылғы 16 қараша күні мектебімізде «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы шеңберінде «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыс келесі мақсат көздеді: 
- Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында оның шығармаларын насихаттау; 
- оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тиімдірек игеруге бағдар беру; 
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнін насихаттау. 
 
Сайысты дайындап өткізген мұғалімдер Асылжан Көкешқызы Исабаева, Бекзат Шалабайұлы Тасбулатов және Бақытай Жеңісқызы Иманова  сайысқа қатысқан 7 «Б» және 7 «В» сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсынұлының «Жас ағаш» мысалы бойынша интеллектуалдық сұрақтар дайындап, білімдерін сынады. 
Оқушылар командасы төрт топқа бөлінді. Әр топ та белсенді қатысып, сайыстың бес туры бойынша жақсы білім дәрежесін көрсетіп, ақынның мысалын жеткілікті дәрежеде игергендігін көрсете білді. 
Қазылар алқасы шешім шығарып жатқан кезде, жолдастарын қолдауға келген жанкүйерлер арасында да Ахметтің өмірі мен шығармашылығы қамтылған викторина ойнатылды. Жанкүйерлер де ұлы тұлғаның өмірінен хабардар екендігін көрсетіп, сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Құрамы Айшолпан Қыдырбайқызы, Айнұр Дәуренқызы және Сәуле Төлебайқызынан тұрған қазылар алқасының шешімі бойынша жинаған ұпай сандары бойынша командалар келесі орындарды иеленді: 
І орын – «Сұңқар» командасы; 
ІІ орын – «Достық» командасы; 
Екі үшінші орын – «Тұлпар» командасы мен ЕАТБ командасы;
 
Командалар иеленген орнына сай мадақтамамен марапатталып, іс-шара өз мәресіне жетті.
/public/files/2022/11/17/171122_184711_whatsapp-video-2022-11-17-at-184406.mp4
Просмотров: 159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст