12.10.2022
№ 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясында 10 қазан 2022 жылы қамқоршылық кеңестің 2022-2023 оқу жылының бірінші отырысы өтті .
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын талқылау.
2. Қамқоршылық кеңестің жоспары мен ішкі еңбек мiндеттерiн бөлу.
3. Әртүрлі сұрақтар қарастырылды.
Қамқоршылық кеңестің құрамында жұмыс жасау үшін жоғары қоғамдық беделі бар, қоғамда құрметке ие және қол жеткізу үшін Қамқоршылық кеңес құрылған мақсаттар мен міндеттерге қолдау білдірген адамдар шақырылды. Жиналысқа № 13 "ЭКОС"
мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Плюснин И.Г., Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кистин С.А. ( облыстық мәслихаттың депутаты), Алпысов Анапия Рахимжанович ( Ш.Уалиханов атындағы университетінің оқытушысы) және де кеңес мүшелері қатысты.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ұсынылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылғы № 355 бұйрығы таныстырылып окылды. Барлық қатысушылар Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны бiлiм беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырылды.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Бiз бiрiккен ынтымақтастыққа үміттенеміз!