АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Соңғы қоңырау!"

25.05.2022
25 мамыр күні мектебімізде, 5-11 сыныптар үшін «Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиын өткізілді.
Алғашқы салтанатты жиынымызды 10-11 сынып оқушылары ашты.
жоғары сыныпта оқитын оқушылар мен түлектер екіұдай сезімде жүреді. 9-сынып пен 11-сынып оқушылары алдында күтіп тұрған мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ны уайымдап, бар ойы сол жақта болады. Дегенмен бұл сыныптастарымен өтетін соңғы қоңырау екенін түсінетін 46 түлегіміз бір-бірін қимастығын әндер мен тақпақтар арқылы жеткізді.
«Мектебім – сағынышым, балалығымның тәңірісің,
Шуақты күндерді, жұлдызды түндерді сәуледей болған жарығысың...» деген әнді қосылып айтып, теңселе қол шапалақтап, көңілдерін қимастық сезімі тербейді. Себебі ол бүгіннен бастап – жас түлек, болашақ студент атанады.
Түлектерімізден кейін, бекітілген кесте бойынша 5-9 сыныптар үшін де салтанатты жиынымыз жалғасты.
Әр жиынның басталуы Қазақстан Республикасының әнұранымен, мектеп директорының жылы сөзімен, мақтау қағаздарымен, көңілді ән мен билер арқылы жалғасты.
Құрметті оқушылар, биылғы оқу жылын сәтті аяқтағандарыңызбен құттықтаймыз! Алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз сүрінбей жетіп, барлық емтихан, сынақтардан өтіп, қалаған бағаларыңызды алуларыңызға тілектеспіз!
https://www.instagram.com/tv/Cd-4oRCDbHs/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст