25.05.2022
Бүгін 24 маусым 1-4 сыныптар арасында "Сыңғырла соңғы қоңырау " атты салтанатты сап түзеу өтті.
Салтанатты сап түзеуді 2021-2022 оқу жылы қабылданған 1 сынып оқушылары ашты.
Келесі сап түзеуді 3 сынып оқушылары жалғастырды. Бұдан соң 2 ауысымның 2-4 сынып оқушылары тәмәмдады.
Сап түзеу Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып,
мектебіміздің директоры Ахметжанова Светлана Бекетовнаның мектеп оқушыларына, ата-аналарға, мектеп ұстаздарына арналған жылы сөздермен айтылып, үздік оқитын мектеп оқушыларын мадақтаумен жалғасты. Сонымен қатар, әр параллель сыныптардың оқушыларынан ән, би, тақпақ оқылды.
Сыңғырла сұлу үніңмен,
Кеудеге үміт шамын жақ.
Өзіңе ғана жүгінген
Мектепті жазға дамылдат.
Күміс қоңырауды 1-сыныптан бастап, 4 оқушылары сыңғырлатып, сап түзеуді аяқтады.
Барлық бастауыш сынып оқушыларын 2021-2022 оқу жылдың аяқталуымен құттықтаймыз.