2022 жылдың 03 наурызында "№13 "ЭКОС" мектеп - гимназиясы "КММ базасында" «Заманауи ұстаз -қандай ұстаз?» атты жас мұғалімдер мектебінің тәжірибесін жинақтау, жас педагогтарға арналған облыстық семинар өтті.
Мақсаты: жас педагогтардың кәсіби және тұлғалық дамуын ынталандыру.
Іс-шараның модераторлары: мектеп директоры С. Б. Ахметжанова,
директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Г. Б. Ибраева,
"Жас мұғалімдер мектебінің" жетекшісі, педагог-зерттеуші Р.С.Омарова.
Іс-шара аясында тәлімгер мұғалімдер белсенді оқыту әдістері бойынша мастер-кластар өткізді. "Қазақ тілі", "ағылшын тілі", "математика", "қазақ тілі мен әдебиеті", "физика", "химия", "орыс әдебиеті", "география" пәндерінің ұстаздары ашық сабақтар өткізді.
Облыстық семинарға Ақмола облысының 86 мектебі және Көкшетау қаласының 50 мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс – шара Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы онлайн мектебінің офлайн-педагогтары екі форматта өтті.
Барлық қатысушылар семинар жұмысы туралы жақсы пікірлер қалдырды.