Ақпанның 7 күні, апталықтың басын математика мұғалімі Шаймерденова Баян Кабдулаевна, 9 «А» сыныбы және жаратылыстану математикалық бағыт мұғалімдері:
Камила Нұрғазықызы -биология мұғалімі, Наурызбай Сайлауович- физика мұғалімі,Мирас Дүйсембекұлы –геграфия мұғалімі,Назира Бейбитовна –математика мұғалімдерімен « Білімдіге –биікткен орын» атты бірлескен сыныптан тыс іс шара өткізуден бастады.
Іс –шараның мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және кәсіптік бағдар беру.
Оқушылар сабаққа кері байланысты «3-2-1» стратегиясы арқылы беріп,сабақты ұялы телефон арқылы бағалады.
9.02 күні 7 «А» сыныбында қашықтан оқыту –онлаин режиминде Шаймерденова Баян Кабдуллаевна геометриядан «Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы» МЕЕТ платформасында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы туралы теореманы оқушылар есеп шығаруға қолдана алады.
Сабаққа оқу ісі меңгерушілері Изтелеуова Г.Т,Ибраева Г.Б.,Рахимова Ж.О. және пән мұғалімдері қатысты.Сабақтың өтуін ,мұғалімнің сабақта қолданған әдіс – тәсілдерін: оқушыларда бағалап,кері байланыс жасады.