27 қаңтар күні, мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары үшін Ахмет Байтұрсынұлына арналған танымдық сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы қосымша мағлұмат алды.
Мақсаты: Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл. Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
/public/files/2022/1/27/270122_122423_whatsapp-video-2022-01-27-at-110743.mp4