Текст
19 қарашадан бастап 23 қарашаға дейін қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында қазақ тілі және әдебиет апталығы өтті. Апталықтын ашылуы "Қазақ елі-мәңгілік ел" атты тақырыпта болды. Аталған іс-шараға 5-8 сыныптар оқушылары қатысты. Іс-шара барысында: оқушылар ән айтып, күй тартып, өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, "Латын әліпбиі-заман талабы" атты диктант жазып, "Астана-жаңа ғасыр қаласы" шығармашылық сайысына қатысып, белсенділік көрсетті. Апталықтың жабылуы салтанат залында өткізіліп, өз өнерлерін көрсеткен оқушылар марапатталды.