АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сәтті бастама» облыстық бизнес-жобалар байқауы

30.11.2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Саналы Азамат» базалық бағытының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Bussiness» кіші жобасын жүзеге асыруда, оның аясында 2021 жылдың 24-25 қарашасында «Сәтті бастама» облыстық бизнес-жобалар байқауы өткізді.
Байқаудың мақсаты: бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, қазіргі әлемде жастарды кәсіби бағдарлау.
Биылғы жылы байқауға 18 команда қатысты, олардың құрамына Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Есіл, Зеренді, Жарқайың, Жақсы, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларынан жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы саны-73 қатысушы.
Байқау ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Байқау 2 турда өтті: бизнес-жобаны қорғау (слайд презентациясы - 5 минутқа дейін) және «Мегамозг» зияткерлік байқауы (кәсіпкерлік негіздерді білу).
Келесі құрамда қазылар алқасы командалардың өнерін бағалады:
- «Атамекен» ҰКП-да «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша сертификатталған бизнес-тренер, кәсіпкер - Нұрғожина Жанар Серікқызы
- «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің» оқытушысы, э. ғ. к., профессор-Кәкімов Самай Кәкімұлы
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, э. ғ. к., қауымдастырылған профессор-Джапарова Қадиша Құмарқызы.
2 турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «PROFF TANDAU» командасы, Көкшетау қ. №13 «Экос» мектеп-гимназиясы марапатталды. Құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз.
Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст