АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ел тірегі - Елбасы!» cынып сағаттары

30.11.2021
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 1-2  сынып оқушыларымен «Ел тірегі - Елбасы!» атты сынып сағаттары өткізілді. Оған барлық сыныптағы оқушылар қатысты.
Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Тәрбие сағатымызды ҚР әнұранымен бастадық. Сабақ барысында оқушыларға елбасы жайында слайд көрсетіліп, «Әріптер сөйлейді» ойыны жүргізілді «Елбасы» деген сөздің әрбір әріптерінің мағынасын ашып айтты. Оқушылардың барлығы өз білімдерін көрсетті, ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе біліп, сабақта белсенділік танытты.
Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст