Текст
№13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т1) апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету және құрмет көрсету. Оқушылардың ана тілімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау. Мектеп кітапханашысы Икласова Эльмира Кадирбековна 7«А» сынып оқушыларына кітап көрмесіне қойылған кітаптар жайлы әңгімелеп берді.