Текст
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады. Осы орайда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл біздің жетістіктерімізді ой елегінен өткізудің, болашаққа міндеттерді айқындаудың мүмкіндігі. Осыған орай, 28 қыркүйек күні мектебімізде «Тәуелсіздік игілігі» тақырыбы бойынша бірыңғай сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өткізілді.
Мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту.