28.09.2021
Мемлекеттік білім беру мекемесін тұрақты дамыту мүддесінде білім беруді кешенді қолдаудың ресурстық орталығы "Минск қаласындағы № 19 Гимназия" Атмосфералық ауаны қорғау мәселесіне немқұрайлы қарамайтын оқушылар мен педагогтарді 2021 жылғы 27 қыркүйекте сағат 14.00-де экологиялық мониторинг клубы мен "Гелиос"клубының ашық отырысына қатысуға шақырды.
Іс-шара 21-тұрақты даму мүддесінде білім беру онкүндігі шеңберінде өткізілді. ZOOM форматында өтті. Бұл іс-шараға мектебіміздің "ЭКОС" клубының мүшесі Даулетханова Томирис, Дробышева Елизавета, Лю Милана қатысып, экологиялық бағыттағы өткізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып, өздерінің жобаларымен бөлісті. Әр жоба экологиялық тазалықты сақтауға, уақытты дұрыс үнемдеуге, жаңа көзқараспен қарауға насихаттайды.
Мектебіміз, Минск қаласының 19 мектебімен өткен іс-шараға қатысқанына алғысын білдіреді.