АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі – баламның тілі, бабамның тілі» онлайн форматтағы дөңгелек үстел

14.09.2021

Мектебімізде «Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесіне орай «Қазақ тілі – баламның тілі, бабамның тілі» атты 9-11-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жауапты болып пән мұғалімдері  Каимова А.Д., Калымжанова С.Т., Айткешева А.С. бекітілді.

Іс-шараның мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, білім алушылардың оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылықтарын арттыру, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.

Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!,-деген ұранды ту етіп ұстаған ұстаздар «Біздің қаламызда қазақ тілінің мәртебесі қандай деп ойлайсыңдар?» «Мемлекттік тілдің қазіргі жағдайы қандай?», «Үш тұғырлы тіл саясаты деген не?» деген  сұрақтар төңірегінде оқушылармен бірге ой бөлісіп, пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында оқушылар тілге байланысты «Зымыран сұрақтарға» жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті. «Жеті жұрттың тілін біл» атты айдарда оқушылар жұмбақтар шешіп, шешімдерін орыс, ағылшын тілдеріне аударды. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің қызығушылықтарын танытып, белсене қатысты.

Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу мақсатында өткізілетін осындай іс-шаралардың берері мол деп ойлаймыз.

        

 
Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст