15.06.2021
14 мамыр, мектеп алаңында салтанатты түрде орта білім беру аттестатына арналған іс-шара өткізілді. Алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан биылғы оқу жылында 26 түлек аяқтап, үлкен өмірге аяқ басты. Солардың қатарында 2 оқушы Франк Кристина мен Яковлева София "Үздік аттестат" иегерлері атанды. Іс-шарада мектеп директоры Ахметжанова Светлана Бекетқызы жас түлектерге ізгі- ниетін білдіріп алғыс айтты. Түлектер ашық алаңда мектебіміздің ұстаздарымен ата-аналарға алғыстарын өлең шумақтармен жеткізіп, іс-шараның екінші бөлімінде ағаш отырғызды.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан бүгінгі мектеп бітіруші әрбір түлек нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, кәсіби тұрғыдан жетілуге міндетті» деп айта кетті. Түлектер, осы сөзді бастыға ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның ең бақытты ұрпақтары, сүйікті қаламыз Көкшетауымыздың, туған еліміздің сіздерге артқан үмітін ақтай алатын, нар жүгін көтерер болашақ жастар Сіздер екендеріңізді ұмытпаңыздар!
СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК -2021!