АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысы

22.05.2021

22 мамыр 2021 жылы №13 «ЭКОС» мектеп -гимназиясында жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысы өткізілді.

Тақырыбы: оқу жылының қорытындысы.

Жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысын өткізу форматы екі түрде өтті.

Бірінші дәстүрлі формат. Яғни, 1-4сыныптар,  5,  9 11 cыныптар үшін. Екінші онлайн форматында өткізілді. Бұл формат, 6,7,8,10 сыныптарға арналған. Бұл форматтар ағымдағы жылы ата - аналар жиналысын педконсилиум түрінде ұсынылды. Педконсилиум екі бөлімде жүргізілді.

Бірінші бөлім бойынша,cынып жетекшінің күн тәртібінде:

  • 2020-2021 оқу жылының қорытындысы
  • Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру
  • Оқушылардың жазғы демалыс жөніндегі ақпарат
  • Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Сонымен қатар, қарастырылған қосымша сұрақтар:

  • Оқу жылының соңындағы соңғы қоңырау
  • Мектеп формасы мәселелері

Дәстүрлі форматының екінші бөлім бойынша: баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата –ана пән мұғалімдерімен жеке сөйлесуі жүргізілді.

Екінші формат бойынша, ата аналарға арналған жиналыс онлайн режимінде өткізілді. Онлайн форматы да екі бөлім арқылы болды.1 бөлімінде сынып жетекші  оқу жылының қорытындысы, жазғы демалыс жұмысын жүргізу, қауіпсіздік ережесі, соңғы қоңырау уақыты, мектеп формасы жайында онлайн арқылы ақпарат берсе, 2 бөлімінде ата -аналарды ZOOM платформасында кезек- кезек қосу арқылы педагогтермен жеке сөйлесу жүргізілді.

      

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст