Текст
12 мамыр күні, мектебіміздің алаңында " Назар аударыңыз, балалар!» атты акция өткізілді. Акцияға Көкшетау қаласы ювеналды полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің майоры Кошкенова Айжан Омарбаевна, Көкшетау қаласы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Ерденов Еркебұлан Серікұлы және мектебіміздің жол қозғалысының жас инспекторлары қатысып, жаяу жүргіншілердің, жолаушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауға жадынамалар берілді.
Мақсаты: балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің, жолаушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты көзқарасын қалыптастыру болып табылады.