Сәуірдің 29 жұлдызында №13 «ЭКОС» мектеп гимназиясы «Қазақстан Республикасының бірлік күніне» орай дөңгелек үстел мен «Сақта және көбейт» атты акцияны өткізді. Дөңгелек үстел іс-шарасында, жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы жарасқан берік , халықаралық ұлттар мен оқушылар қатысты.
«Сақта және көбейт» атты акцияға Ақмола облысы білім басқармасының басшысы, Жусупов Бейбіт Айтымұлы қатысып, келе жатқан Бірінші мамыр Бірлік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, мектебіміздің алаңында ағаш отырғызды.
Бұл акцияға үлес қосқан демеушілер:
«КОКШЕТАУМИНВОДЫ» директоры, Максимец Станислав Юрьевич; Nur Otan партиясы қалалық филиалының экология жөніндегі комиссиясының төрағасы, "Зеленстрой" ЖШС директорының орынбасары" Молдахметов Бахтияр Абайұлы; Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы өлкетану және экология туризм орталығының басшысы Умурзаков Арман Ғалымтайұлы мен қамқоршылық кеңесінің төрағасы Плюснин Игорь Геннадиевич қатысып, өз үлестерін қосты.
Бүгінгі қатысқан қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз.