17.04.2021
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Көкшетау қаласында сәуір айынан бастап дәстүрлі көктемгі экологиялық айлық басталды.
Қала аумағын, көшелерді, тротуарларды қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан санитарлық тазарту мақсатында экологиялық айлықты өткізу шеңберінде 2021 жылғы 17 Сәуірде №13 "ЭКОС" мектеп - гимназиясының ұжымы "Біз таза қала үшін"ұранымен өткізілген сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбіліктің мақсаты: қаланың сыртқы келбетін жақсарту, оны таза экологиялық аймаққа айналдыру, жас ұрпақтың еңбекқорлығын дамыту, қаланы тазартуға өз үлесін қосу.
Сенбілікке қатысушылар құрал-саймандармен, қаптармен және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көшеттерді жақсарту және отырғызумен қатар мектеп аумағы тазартылып, ретке келтірілді.
Іс-шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен бірге жұмысқа кірісті.