АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елбасы медалі» қола наградаларымен марапатталу рәсімі

26.03.2021

Наурыздың 19   жұлдызында дарынды оқушылар «Елбасы медалі» қола наградаларымен марапатталу рәсімі өтті.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасын ұсынды. «Ел үміті» бастамасы - бұл дарынды балалар мен жастарды іздеуге және қолдауға жәрдемдесу.

«Ел үміті» бастамасы аясында үш жоба қарастырылған:

1. Ауылдық жерлердегі балаларды дамытуға бағытталған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы;

2. Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі өңірлік орталықтарды дамыту

3. «Елбасы Медалі».

«Елбасы медалі» - бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысымен он төрттен жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриотизм және белсенді азаматтық ұстаным танытқаны үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілді.

«Елбасы медалі» бағдарламасы балалар мен жастарды қолдау және ынталандыру жүйесі болып табылады. Әрбір жас әрі мақсатқа ұмтылған қазақстандық "Елбасы медалінің" иегері бола алады!

 «Елбасы медалі» - Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба.  Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын көздейді: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдай алады: қола, күміс немесе алтын, олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздейді. Қазіргі уақытта жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы қатысуда.

Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барлық өңірлердегі 300 жобаға қатысушы қола медальмен марапатталды.

Бүгін Ақмола облысының келесі финалистері қола медальмен марапатталды:  олардың 41-ін Достық үйінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев медальмен марапаттады.

Осы қола медаліне ие болған 10 «А» сынып оқушылары Мейрамбай Нұрай мен Шамен Мөлдір ие болды. Біздің мектебіміздің оқушыларын шың жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

    

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст