АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіл дарыны" облыстық байқауының қорытындысы

19.02.2021

«Тіл дарыны» облыстық байқауы

«Тіл дарыны – 2021» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы 15 ақпан күні облыстық байқау қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау, үштілділікті насихаттау;

- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.

Байқау 9  тапсырмадан тұрады:

1.  «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;

2.  «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

3.  «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі  сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;

4.  «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру (8-10 сөйлем);

5.  «Түйіндеме» - өмірбаянын үш тілде  айту (15 сөйлемге дейін);

6.   «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;

7.   «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;

8.  «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;

9. «Үздік каллиграфист» - 3 тілде сөздердің әріптерін айқын, көркем, сауатты жазу;

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза  сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.

«Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып  оқушылары арасындағы облыстық  байқауына мектебімізден 9 «А» сынып оқушысы, Кабышева Айкүміс қатысып, І орынға ие болды.

Дайындаған мұғалімдер:

Орыс тілі мұғалімі - Ахметжанова Светлана Бекетовна,

Қазақ тілі мұғалімі - Каимова Айнұр Дауреновна

Ағылшын тілі мұғалімі - Айткешева Асемгуль Сарсембаевна.

Айкүміске шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст