19.02.2021
2021 жылғы 18 ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырып өткізді.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаты-білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және танымал ету.
Біздің мектептен 40 оқушы қатысып, оның ішінде 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
1 орын алған оқушылар: Галанцев Станислав география пәні бойынша 9 сынып, мұғалім Ткаченко А. С.,
Курмашева Аяулым Қазақ тілі пәні бойынша 10 сынып, мұғалім Каимова А. Д.,
Франк Кристина Қазақстан тарихы пәні бойынша, мұғалім Бакирова С. С.