Текст
17 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9,11 сынып оқушыларының қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали Мақатаев – ХХІ ғасыр ақыны» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есенбекова Г.А.