АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы»

10.02.2021

   10 ақпан күні 5 «А» және 5 «Б» -сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың дүлдүл ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы» атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: аты аңызға айналған халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығының ауыз әдебиеті үлгілеріндегі өлеңдерін, жырларын, термелерін оқушыға тереңнен жеткізіп түсіндіру, ақын шығармашылығын дәріптеу, оқушыларды отансүйгіштікке баулу.

Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы, өлеңдері, айтыстары, тарихи жырлары туралы түсінік берілді. Өлеңдерінің шығу тарихына тоқталды.

    Оқушылар ақынның«Ленинградтық өренім», «Шағым», «Менің өмірім», «Кедей күйі» атты  өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз ойларын ортаға салды, кластер құрастырды.  

Іс-шара Сәкен Сейфуллиннің сөзімен қорытылды. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»                          

Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
 

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст