АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "№13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасым-бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты

08.02.2021

Өзін-өзі тану апталық барысында 5 «А»-сынып оқушыларымен «Отбасым-бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Іс-шара 3 кезеңнен тұрды:

І кезең. «Ашық микрофон» кезеңінде оқушыларға отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылды.

ІІ кезең.  «Менің отбасым-менің байлығым» отбасы туралы өлең жолдарын арнады.

ІІІ кезең. Оқушылар өздері дайындаған «Менің бақытты жанұям» фотоколлаждарын таныстырды.

Барлық оқушылар белсене қытысып, өздерінің жанұялары туралы ойларын асқан сүйіспеншілікпен, мақтанышпен ортаға салды. Бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Отбасы туралы жаттаған өлеңдерін нақышына келтіріп айтып берді. Отбасылық мерекелер, отбасылық құндылықтар туралы әңгімеледі. Берік отбасы болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу қажет? деген сұраққа кластер құрастырды.

Отбасыға деген құрметті, сүйіспеншілікті арттыруда осындай іс-шаралардың маңызы зор деп сенеміз.

 

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст